Тың жобалар серпілісі

2019 жылдың маусым айында Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы биылғы жылы Қарағанды облысының қалалық орталық кітапханалары арасында «Қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгеру жағдайындағы қалалық кітапхана» атты облыстық байқауын жариялап, өткізген еді.

Мәдени-біліми, кәсіптік бағдар беретін және ақпараттық-технологиялық перспективті-инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын шығармашыл кітапханаларды анықтау және ынталандыру, қалалық кітапханалардың ақпараттық, әдістемелік білім орталығы ретінде одан әрі қалыптасуын қамтамасыз етуді мақсат еткен байқауға Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Приозерск, Саран, Сәтбаев, Шахтинск орталық қалалық кітапханалары қатысып, 6 номинация бойынша 44 жоба ұсынды.

Қараша айының ортасында облыстық байқаудың қорытындысы шығарылған болатын.

«Әлеуметтік әріптестік үлгісі», «Кітапхана – орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің дамыту орталығы», «Кітапхана – навигатор», «Кітап қорын толықтырудың жаңа түрлері», «Кітапхана – өлкетану орталығы», «Кітапхана – ақпараттық-демалыс орталығы» тақырыптарында әр қалалық кітапхана өз кітапханасының даму моделін көрсетті.

Байқауға қатысқан 7 қалалық кітапхананың бесеуі қатысушы сертификаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, сайысқа қатысқан жоба авторлары алғыс хаттармен марапатталып, номинациялар бойынша «Үздік жобалар» авторларына диплом және бағалы сыйлық берілді (жобаларды іске асыру мерзімі 2020-2023жж).

Соның ішінде Сәтбаев орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Айжан Саринаның жобасы «Кітапхана – ақпараттық-демалыс орталығы» номинациясында б үздік деп танылып, марапатталды.

Сондай-ақ, «Әлеуметтік әріптестік үлгісі» жобасын кітапхана директорының орынбасары А.Койшибаева қорғады.
Мақсаты – әлеуметтік әріптестікті кеңейту. Осы жоба арқылы «Кітап оқы, рухани бай бол!» акциясы жастар ресурстық орталығының, «Достық үйінің», колледж, мектептердің қызметкерлеріне оқу эстафетасын ұйымдастыралды. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ауқымды жұмыс жіргізілді.

«QR қала» жобасын кітапхана программисті А.Балталы қорғады. Жобаның мақсаты – интернет және мобильді технологиялар арқылы қала тұрғындары мен қонақтарына ақпарат жеткізу. 2020 жылы нысандар (тұрғын ғимараттар, мәдени мекемелер және т.б.) туралы ақпарат жарияланатын блог құру. Онда ғимараттардың салынған жылы, тарихи маңызы (сол үйде қандай адамдар тұрғанын, олар немен танымал болғандығы және т. б.) ақпараттар жинақталатын болады. Мысалы: Сәтбаев даңғылы 74 үйде 1972-1998 жылдары ақын, термеші Ш.Ділдебаев тұрған.

Бүгінгі таңда қаланың мәдени-тарихи ғимараттарының тізімі жасалып, өлкетану бойынша ақпарат жинау жүргізілуде. Бұл жобаға тарихшылар, өлкетанушылар, журналистер тартылды. Қаланың жаңа нысандарына QR-коды бар тақтайшалар орналастырылуда.
«Кітап қорын толықтырудың жаңа түрлері» жобасын кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің жетекшісі Г.Мусинова қорғады.
«Кітапхана – өлкетану орталығы» жобасын өлкетану кітапханашысы Б.Бикеева қорғады.

Мақсаты: халықтың, оқырмандардың, өскелең ұрпақтың кіші отанының тарихына деген қызығушылығын қалыптастыру. Өлкетану бойынша материалдарды жинақтау және тарату.

Бүгінгі күні төрт бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде: «Интересные факты о городе», «Наши», «Қаламыздың құрметті азаматтары», «Сатпаев – город энергичных людей». Толықтыру, ақпарат жинау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі, содан кейін кітапхана сайтына қойылады.

«Кітапхана – орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің дамыту орталығы» жобасын әдістеме-библиографиялық бөлімінің жетекшісі Ш.Сабирова қорғады.

Мақсаты: қызметкерлердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау.

«Кітапханашы: білім, дәстүр, жаңашылдық» біліктілігін арттыру бойынша 2020-2023 жж.модульдік жоба. Үш модуль бойынша жұмыс жүргізілуде:

I-модуль «Жас кітапханашы мектебі» – бейімделу кезеңі, жеке кеңестер, практикумдар. ӘОЖ, библиографиялық анықтамаларды құрастыру түрлері және т. б.

II-модуль» Ойланайық. Ақылдасамыз. Ойын». Психологиялық тренингтер, ми шабуылдары, зияткерлік ойындар және т. б.

III-модуль «Қазіргі заман кітапханашысы мектебі» кеңестер, сабақтар, практикумдар, кәсіби ойындар, семинарлар. Мысалы: «әлеуметтік сауалнаманы қалай ұйымдастыру керек тренинг-кеңес өткізілді. «Көрме қызметінің жаңа нысандары» (Инсталляция, Ілінген кітап, ребус кітабы).

Шолпан САБИРОВА,
кітапхана әдіскері.

Комментарии закрыты.