Алтын діңгек – өзім туған босағам!

Өткен сәрсенбіде қаламыздағы «Достық» үйінде өткен «Алтын діңгек – өзім туған босағам!» аты дөңгелек үстел мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Туған жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Аталмыш бағдарлама арқылы аймағымызға сара жолымен, еселі еңбегімен танымал болған, қала көшелеріне аты берілген тау тұлғалардың өнегелі өмірі жастар арасында дәріптеліп, насихатталды. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Мадинат Игенберлина ономастика саласы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Қатысушылар көше атаулары бойынша зерттеген жобаларын сәтті қорғап шықты. Әбікен Мамахов, Әубәкір Құсайынов, Бабыр би, Болман, Ерден, Жақсымбек Үншібаев, Жолдасбек Жақыпбеков, Халима Артығалиева, Қазымхан Кентаев, Мұхит Бөпежанов, Павел Шаталюк, Халифа Алтай, Әшірбек Құнанбаев, Өмірхан Байқоңыров, Виктор Гурба секілді оннан аса дарабоздың тікелей ұрпақтарынан, көзін көрген азаматтардан алынған сырсұхбаттар мен әңгімелер жоба қорғаушылардың жан-жақты ізденгендігін байқатты. Осы тұса көпшілік біле бермейтін қызықты деректер де ашылды.

Сөз алған қаламыздың Құрметті азаматы Сақтаған Атабаев жас ұрпақ бойында патриоттық сезімді қалыптастыру жолында осындай жобалардың берері мол екендігін атап айтты. Жиын соңында жоба қорғаушылар арнайы дипломдармен марапатталды.

Мейрамгүл АЛПЫСБАЙ.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.