«Saudakent»-тің саудасы қызды

Қаламызда ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ерден көшесі 181а мекен-жайында бой көтерген жаңа дүкен тұрғындар игілігіне берілді. «Saudakent» деп аталатын нысанның лентасы өткен аптада салтанатты түрде қалалық әкімдік өкілдерімен қиылды.

Дүкен иесінің айтуынша, сауда орнын ашу бастапқыда тек ойда жүрген жоспар болған көрінеді. Кәсіптік – техникалық білім беру саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан Әбдіраш Аукенов биыл сол ойын мақсатқа айналдырып, жаңа кәсібін дөңгелетуге кірісті. Шаһардағы шағын және орта бизнесті өркендетуге деген оң көзқарастың барын біліп, аралас тауарлар дүкенін ашуға бел буды. Ендігі меже – тұтынушының сұранысын қанағаттандыру.
– Кәсіптік білім беру саласында еңбек еткен адамға сауда саласы мүлдем таңсық нәрсе ғой. Десе де, ойдағы мақсатты іске асыруға бел буып кіріскендіктен, істі қолға алдық. Біздегі тауарлардың барлығы нарық бағасынан жоғары емес, қолжетімді бағаға саудалануда. Аралас тауарлар сататын дүкен болғандықтан, алдағы уақытта тауар көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр-
мыз. Қазір дүкенімізде автокөлік аксессуарлары, киім-кешек, ойыншықтар және электр құрылғылары сатылуда. Он пайыздық жеңілдік қарастырылған, – дейді кәсіпкер.
«Saudakent» иесі 12 адамды жұмыспен қамтып отырғанын атап өткен жөн.
Сауда орнының ашылу салтанатына Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Сұлтан Нарботаев пен қала жұртшылығы қатысты. Сұлтан Нұрланұлы кәсіпкердің ісін ілгерілетудегі бастамасына жеміс тілеп, салтанатты түрде лентаны қиды.

Н.ҚОНЫСБАЙ.

Комментарии закрыты.