Жас боксшылар жетістігі

«Қазақстан» спорттық-сауықтыру кешеніне қарасты бокс үйірмесінің тәрбиеленушілері жуырда мерейлі жетістікпен оралды. Сыр елінде өткен білікті бапкер Тарғын Нұралиевты еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында облыстық турнирде сәтбаевтық жеткіншектер мықтылығын тағы бір мәрте байқатып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Қызылорда облысы Қазалы ауданында жасөспірімдер арасында өткен дәстүрлі дода қараша айының 25-і мен 29-ы аралығында өткен. Былғары қолғап бәсекесінде жұдырықтасқан жеткіншектер арасында қала намысын қорғаған Дарын Нақыпбеков, Айтқали Төлепберген, Алдияр Жареев үздік ойын өрнегін көрсетіп, барлығы да күміс медальді олжалады. Дарын Нақыпбеков қоржынға күміс салып қана қоймай, ең үздік әдіс көрсеткені үшін де құрметке ие болды. Жас боксшыларды жарысқа дайындап, шеберлігін шыңдаған бапкер Алмат Ниспековтың еңбегі еселі.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.