Тіркеу мәселелері қаралды

Өткен 2011 жылы қабылданған «Діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес, қаладағы діни бірлестіктерді қайта тіркеу мәселесі бойынша діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.

Отырысты қала әкімінің орынбасары, Кеңестің төрағасы М.Мәдиева жүргізді. Жиынға Қарағанды облысы ІІД Жезқазған қаласы ІІБ бөлімінің экстремизм, сепаратизм, терроризммен күрес жөніндегі жедел уәкілі Ж.Ақмолдин қатысып отырды.

Отырыстың күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Діни бірлестіктерді, олардың филиалдарын және ғибадат үйлерін есепке алу және тіркеу (қайта тіркеу) жағдайы туралы Сәтбаев қаласы Әділет Басқармасының бастығы С.Жанділдинова баяндады.

– Қазіргі күні қайта тіркеуден өту бойынша Басқарма діни бірлестіктердің басшыларына кеңес беру жұмыстарын қолға алып отыр. Барлық құжаттары реттелген діни бірлестік облыстьқ Әділет Департаментіне тіркеледі, – деді баяндамашы.

Ішкі саясат бөлімінің бастығы К.Сағындықова Кеңес мүшелерінің діни бірлестіктердің ғибадат ету орындарына, жиналыстарына бару арқылы жүргізілген мониторингі туралы, С.Ошақұлы атындағы мешіттің қызметі туралы ақпарат жеткізді.

М.Мәдиева жиынды қорытындылай келе, Кеңес жұмысының сапасын арттыра түсуді тапсырды.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.