Елдігіміз насихатталды

Отанды сүюдің негізі – мектепте. Осы ретте білім ордалары жанынан құрылған үгіт-насихат топтары патриотизмді насихаттады.

ҚР-ның Тәуелсіздік мерекесі аясында жылдағы дәстүр бойынша барлық білім ордалары арасында «Мен – патриотпын» үгіт-насихат топтарының байқауына 14 білім ордасынан атсалысқан оқушылар Қазақстанның жетістігі жайында ойларын ортаға салды. Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – жас ұрпақты ұлтжандылыққа, елін сүюге, құрметтеп-қастерлеуге шақыру. №16 жалпы білім беретін мектеп залын осылайша білімге құштар, патриот жастар толтырды. Ұйымдастырушыларға үздіктердің үздігін таңдау оңайға түспеді. Әйтсе де, сайыс қорытындысы бойынша қазылар алқасының сынынан сүрінбей өткен 6 команда жүлделі орынға ие болды. №27 мектеп пен №4 Абай атындағы мектеп-лицейі үшінші орынды өзара бөліссе, екінші орынды №16 мектеп пен №1 мектеп-гимназиясы еншіледі. Ы.Алтынсарин атындағы №19 мектеп-лицейі бірінші, С.Сейфуллин атындағы гимназия бас жүлдеге лайық деп танылды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.

Комментарии закрыты.