«Тәуелсіздік – тұғырым»

Осындай атаумен қаламыздағы №31 «Балапан» балабақшасында топаралық мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.

Бүлдіршіндер Отанға, жерге, елге деген сүйіспеншілігін танытып, қонақтарды ерік-жігерді жанитын патриоттық жырлармен сусындатты. Қазақстанның өткені мен бүгінін салыстыра отырып, даму тарихы туралы танымын қалыптастыру, Тәуелсіздік мерекесі туралы терең мағлұмат бере отыра, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеуді мақсат тұтқан шарада Виктория Епонишникова мен Юлиана Карасева үшінші, Мария Абдикаримова мен Мансұр Нұрлан екінші орынды еншіледі. Ал, қазылар алқасының көңілінен шығып, өнерімен көзге түскен Арлан Жүгініс бірінші орынды иеленсе, 4 жасар Ажар Шайхслам бас жүлдені жеңіп алып, арнайы дипломмен марапатталды. Тұғырлы тәуелсіздігімізді жыр шумақтарына қосқан өзге бүлдіршіндер белсенділігі үшін сый-сияпатқа ие болды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.

Комментарии закрыты.