Жұмыс жалғасуда

Өткен аптада қалалық әкімдікте қала басшысы Б.Ахметовтың төрағалық етуімен кезекті әкімдік отырысы өтті. Оған қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары және қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде 10 мәселе қаралды. Алғашқы сұрақ бойынша «2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» мемлекеттік-құқықтық бөлімнің маманы Е.Сапаров баяндады. Жиында сонымен қатар, «2010 жылғы 26 мамырдағы №14/41 Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Сәтбаев қаласы жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық Кеңесті құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы», «Жер теліміне жеке меншік құқықтарын беру туралы», «Жер телімдеріне уақытша өтеулі жерді пайдалану құқықтарын беру туралы» секілді мәселелер қаралды. Қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Жанасылова кәмелетке толмағандарға қорғаншы тағайындау туралы баяндады.

Барлық сұрақтар әкімдік мүшелерімен қаралып, тиісті қарарлар қабылданды.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.