Бізде сыбайластыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Өйткені, ол – мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы. Оның ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да, мемлекет саясатының негізі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алу барлық мемлекеттік мекемелерде дұрыс жолға қойылған. Осы орайда біздің де балабақшамызда әр қызметкер мен ата-аналардың құқығы қорғалып, арнайы бұрыш жасалып, тиісті ақпараттар беріліп отырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жоспары бекітіліп, іс-шаралар өткізілуде. «Жедел желі» телефоны, «Өтініштер мен шағымдар» почта жәшігі де орнатылған. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін ата-аналар арасында сауалнама жүргізілді.

Мектепке дейінгі ұйымда балалардың қабылдануы, тамақтану бөлімшесінің жұмысы, жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын-алу мақсатында тәрбиеленушілердің тамақтануы да қатаң бақыланады.

Р.Базарбаева,
№22 «Құлыншақ» бөбекжай балабақшасының басшысы.

Комментарии закрыты.