Ішкі қызметтер пысықталды

Өткен аптада әкімдікте «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалының ішкі қызметін пысықтау және алдағы уақытқа жаңа мақсаттар мен міндеттерді айқындау үшін семинар кеңес-өтті. Оны «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңбырбай Дәрібаев жүргізді.

Кеңес жұмысына партиялық бақылау комиссиясының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің төрағалары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен қалалық мекеме, ұйым, кәсіпорындардағы бастауыш топтар басшылары қатысты.

Семинардың күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. «Нұр Отан» ХДП мүшелері арасындағы ішкі партиялық тәртіпті күшейту туралы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Иманбай Бралин баяндады.

Қазіргі күні қалада 13 бақылау бекеті бар. «Жұмыспен қамту – 2020», қолжетімді баспана, ТКШ-ны модернизациялау бағдарламалары мен «Ұлытау-Жезқазған аймағын әлеуметтік-экономикалық дамыту» кешенді Жоспарының ың-шыңсыз жүзеге асырылуын бақылайтын тағы да 4 топ құрылатыны баян етілді.

Екінші мәселе – «Нұр Отан» ХДП мүшелерін тіркеу және партия қатарына жаңа жақтастарды тарту бойынша партияның қалалық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Нұргүл Көшербаева ақпарат берді. Оның баяндауынша, қалада 2960 нұротандық бар. Алдымызда бұл көрсеткішті одан әрі өсіру міндеті тұр.

Жастармен жұмыс жасау туралы «Жас Отан» жастар қанаты Сәтбаев қалалық филиалының атқарушы хатшысы Нұрлыбай Наурызбаев есеп берді. – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрамында 29 жасқа дейінгі 373 адам бар. Оның басым көпшілігін мемлекеттік мекемелердегі жас мамандар мен мектеп жасындағы оқушылар құрап отыр. Біз қазір 4 бағыт бойынша жұмыс жасауды ұйғарып отырмыз. Еңбекші жастарды бұқаралық, қоғамдық жұмыстарға тарту, «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымын білім ошағына енгізу, осы ұйымның негізінде аға тәлімгерлерді дайындап, білімін жетілдіру, кәсіптік, техникалық оқу орнының студенттерімен жұмыс жүргізу мәселелерін қолға алдық,– деді атқарушы хатшы.

Құрамына үш мекеме – №16 орта мектеп, қалалық емхана мен «Нұрбөбек» балабақшасы енген, жалпы саны 170-ке тарта мүшесі бар «Алтын Орда» бастауыш партия ұйымының хатшысы Зәуре Барақбаева өздерінің жұмыстарын ұйымдастырудағы жаңа әдістерді алға тартты.

Жиын соңында барлық қарал-ған мәселелер бойынша тапсырмалар жүктелді.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.