Жылды қорытындылады

Жыл соңында қалалық мәслихаттың кезекті сессия отырысы өтті. Жиында бірқатар мәселелер талқыланып, алдағы жылда атқарылар жұмыстар баяндалды. Халық қалаулыларының кезекті жиналысында ҚР мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына байланысты бірқатар депутат атаулы медальмен марапатталды.

Сәтбаев қалалық мәслихат депутаттары қаланың қордаланған мәселелеріне бей-жай қарамай, олардың шешілуіне өзіндік үнін қосып келеді. Жергілікті өкілдік орган экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті бекітіп, ҚР Конституциялық нормаларына, заңдарына, нормативтік құқықтық актілерді орындауға қатысады.

Халық қалаулыларының биылғы жылдағы қорытынды жиналысына қала әкімі Асқар Ыдырысов пен бөлім басшылары да қатысты. Кезекті 58-ші сессияның күн тәртібінде қаралған мәселелер қатарында алдымен 2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет есебі тыңдалды. Бұл туралы қалалық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Шапағат Әубәкіров баяндама жасады.

Жиында сондай-ақ, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңын орындау барысы, 2018-2019 жылдарға Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын іске асыру қорытындылары туралы, мәслихат хатшысының атқарған жұмысы туралы есебі, қалалық мәслихаттың 2020 жылға арналған жұмыс жоспары туралы есептер тыңдалып, бекітілді.

2019 жылы ҚР мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толды. Атаулы датаға орай тағайындалған медальға бірқатар шақырылымдардың депутаттары ие болды.

Әли МҰҢАЙТПАС.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.