Үгіт-насихат жалғасуда

Құрамында қала әкімінің орынбасары Марал Мәдиева, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Талиға Қапарова, №15 орта мектептің басшысы Аманкүл Тлемісова мен қалалық әкімдік жанындағы әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Гүлмира Таңсықбаева бар ақпараттық-насихат тобы  №6 «Қожахметов» ЖШС  отбасылық- дәрігерлік амбулаториясы ұжымында болып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын насихаттады.

Он бағыттың әрқайсына жеке-жеке М.Мәдиева тоқталып, қала бойынша алдағы атқарылар ауқымды шараларды санамалай өтсе,  Т.Қапарова былтырғы жылы қолға алынған «Жұмыспен қамту – 2020», сондай-ақ  қолжетімді баспана бағдарламалары аясында қандай жұмыстардың атқарылып жатқаны жөнінде баяндады. – Қазіргі күні жұмыссыздықты жою Үкіметтің назарындағы басты мәселе болып отыр. Осы мақсатта қолға алынған «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы біздің қалада да сәтті жүзеге асуда. Былтырғы жылдың өзінде 57 азамат мамандықтар бойынша оқытылып, қырықтан астам азамат жұмысқа орналасты. Биылғы жылы да осындай көрсеткіштерге қол жеткізуді көздеп отырмыз. Бүгінгі таңда көпті ойландырып жүрген мәселенің бірі – қолжетімді баспана. Қалада қазіргі күні жеті жүзге жуық азамат кезекте тұрса, оның жүз қырықтайы бюджеттік саланың қызметкерлері. Баспана мәселесін шешуде де бірқатар жұмыстар былтырғы жылдан басталып кетті. Биылғы жылы үй кезегінде тұрған азаматтардың біразы қоныс тойын тойлайтын болады. Бағдарламаның алты бағыты бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға кірісіп жатырмыз, – деді баяндамашы.

Елбасының Жолдауда алдағы он жылдықта  білім саласына қойып отырған мақсат-міндеттері жөнінде А.Тлемісова баяндады.

Одан кейін топ мүшелері  ОДА-ны аралап, жұмыстарымен танысты.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.