Құжат алу қанша тұрады?

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда құжат алу қанша теңге тұратынын KAZ.NUR.KZ порталы электронды үкімет сайтына сілтеме жасап анықтады.

Елімізде құжат алу үшін мемлекеттік баж төлеу керек екендігі белгілі, ал мемлекеттік баж жыл сайын өзгеретін айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты.

2020 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 651 теңгенң құрады.

1. Қаңтар айынан бастап паспорт алу қызметінің құны – 8 АЕК немесе 21 208 теңге.

Қазақстан азаматының паспорты азаматтардың тілегі бойынша, жасына қарамай беріледі және ол иесінің ҚР аумағынан тыс жерге баруы кезінде жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.
Паспорт 10 жыл мер-зімге беріледі.

2. Елімізде туу туралы куәлік баланы тіркеу кезінде тегін беріледі.
Акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру кезінде – 0,5 АЕК немесе 1 325 теңге.

3. Жеке куәлік алу қызметінің құны – 0,2 АЕК немесе 530 теңге.
Құжаттарды алу мерзімі 15 күнге дейін барады.

Жеке куәлікті ауыстыруға уақытылы өтініш бермеген жағдайда айыппұл – 7 АЕК немесе 18 557 теңге.

Қазақстан азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан беріледі және республиканың аумағында қолданыста болады.

Қазақстан Республикасының азаматына жеке куәлік он жыл мерзімге беріледі Электронды үкімет сайтында жазылған ақпаратқа сәйкес, қосымша ақы төлеп, құжаттарды жедел алу қарастырылған.

Комментарии закрыты.