Ертегі еліне шақырды

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан балаларды жыл сайын ескерусіз қалдырмайтын «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалының өкілдері Жезқазғандағы «Аялы алақан» және №9 мектеп-интернатына атбасын тіреді.

– Жаңа жылды бала кезден ерекше қарсы аламыз. Ертегі әлеміне еніп, ғажайыптарды күтеміз. Десек те, алдымен, өзіңе сену керек. Сонда армандар орындалады. Бұл жолда Елбасы үлкен сенім артып отыр. Еліміздің болашағын айқындайтын ұрпақ сендер. Оқуда биік жетістіктер мен белестерді бағындыра беріңдер, – деген филиалдың қоғамдық-саяси жұмысы жөніндегі сектор меңгерушісі Сәкен Смағұлов жаңажылдық сыйлық таратып, балалардың жүзіне күлкі мен шаттық ұялатты. Жасыл шыршаның жанында бірлесіп ән салған кішкентай көрермендер үшін дайындалған театрландырылған қойылым ертегі еліне шақырды.

Мира ШАХАТ.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.