Аты-жөнін хабарлауы қажет

Биылғы 1 ақпаннан бастап қазақстандықтар шетелдік валютаны айырбастау үшін жеке куәлігін көрсетуі тиіс. Жаңа ереже туралы Ұлттық банк мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еліміздің басты қаржы нарығын реттеуші органы атап өткендей, енді азаматтар жарты миллион теңгеден астам соманы айырбастау үшін жеке куәлігін, ал заңды тұлғалар – кәсіпорын мекенжайын көрсетуі тиіс. Ақша айырбастаған адамдардың барлық мәліметтері арнайы тізімге енгізіледі.

Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің басшысы бұл ереженің халықаралық тәжірибеде бар екенін атап көрсетті. Бұндай норманың Қазақстанда бұған дейін де қолданылып келгені айтылды.

Қаржы нарығын реттеуші орган енгізген жаңа ережеге сәйкес, азаматтар енді 500 мың теңгеден аз соманы айырбастау кезінде де аты-жөні мен ЖСН нөмірін көрсетуі тиіс.

Комментарии закрыты.