Ақпарат тобы спорт мектебінде

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын насихаттау мақсатында қала әкімінің орынбасары Марал Мәдиева мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Талиға Қапарова Жезқазған кентіндегі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде болып, он бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарды тілге тиек етті.

Марал Сағынайқызы спорт мектебінің ұжымына Жолдаудағы жетінші бағыт – Қазақстанда адами капиталдың өсуі, оның ішінде спорттық инфрақұрылымды қолжетімді әрі сапалы жүзеге асыру бойынша атқаруды қажет ететін жұмыстарды қолға алуды тапсырды.

Ал, Талиға Қапарова Жолдаудың басым жүгін көтеріп тұрған – жұмыссыздықты жою, қолжетімді баспана мәселелерін шешу бойынша қалада қандай жұмыстар атқарылып жатқаны жөнінде ақпаратын ұсынды.

Кездесу соңында биылғы Жолдауда да көзделген міндеттер ауқымды екенін, осы міндеттерді жүзеге асыру жолында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Топ мүшелеріне спорт мектебінің басшысы Шахмұрат Шілдебаев мектеп апатты жағдайда тұрғандықтан алдағы уақытта жағдайдың қалай болатынын, басқа жерге ауыстыру мүмкіндігі бар ма деген сауалын қойды.

Қала әкімінің орынбасары бұл мәселенің алдағы уақытта қаралатынын, жауапты мекемелерге сұраныс хат арқылы шығулары қажет екендіктерін айтып, түсіндірді.

Сондай-ақ, ақпараттық-насихат тобының мүшелері №15 орта мектептің, №3 кәсіптік лицейдің, ішкі істер, № 44 өртке қарсы бөлімдерінің, №2 ОДА-ның, Электр желілері кәсіпорнының ұжымдарымен кездесіп, Елбасы Жолдауын насихаттады.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.