Саналы ұрпақ тәрбиелеуде даңғыл жол

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені еш жасырын емес. Тәуелсіздік, бостандық, рухани еркіндік, тазалық сияқты ұлы құндылықтарды жемқорлық, парақорлықпен былғап, ластап жүргеніміз ұлтымызға, намысымызға сын. Әр қазақ осыны өз санасымен сезінуі керек.

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес шараларын күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады. Сондықтан жас ұрпақ санасын, дүниетанымын тазалықпен қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар мектебімізде жылдық жоспар аясында қамтылған. Бұл қылмыс түрімен қоғам болып күресу мақсатында 17 қаңтарда 1-11 сынып аралығында бірыңғай «Парасаттылық сағаты» өткізілді. Ал, мектебіміздің «Сoworking» орталығында « Жемқорлыққа құл болма, адал болсаң» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда жас буын ой бөлісті.

Ізгілік – қоғамдық игілік үшін пайдалы іс-қимыл жасау дағдысы. Олай болса, осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар саналы ұрпақ тәрбиелеуде даңғыл жол болмақ. Дамуымызға тежеу болған сыбайлас жемқорлық болашақ ұрпақ арасында орын алмауы тиіс. Тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетімізде тұрақты өсу-өркендеу болмайтындығын жүрегімізбен сезінуіміз керек.

«Арлы адам – ардақты» демекші, балаларымыздың адамгершілігі жоғары болсын деп тілейік. Бұл басты міндеттерді қалыптастыруда ата-ана мен мектеп ұжымының ынтымақтастығы нығая түспек.

К.ҚҰЙҚАБАЕВА,
№ 27 ЖОББМ-нің кітапханашысы.

Комментарии закрыты.