Жас қаламгерлердің әдеби-шығармашылық байқауы

«Шарайна» газетінің редакциясы газеттің отыз жылдық мерейтойы және Жеңістің 75 жылдығы аясында мектеп оқушылары арасында қалалық «Жас қалам» әдеби-шығармашылық байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаттары:
 мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру;
 көркем әдебиет пен көсемсөз жанрын жандандыру;
 өзіндік жазу өрнегі бар жас ақындар мен жазушыларды, көсемсөз шеберлерін анықтау;
 шығармашылығымен танылып жүрген жастарға қолдау көрсету;
 ұлы дала тарихы мен мәдениеті, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық болмыс мәселелеріне, жауынгер бабаларымыздың ерлігін дәріптеуге арналған шығармаларды насихаттау.

Байқау шарттары:

— байқауға 7-11 сынып оқушылары қатыса алады;
— талапқа сай келмейтін үміткерлердің шығармалары қабылданбайды;
— үміткерлердің байқауға ұсынған шығармалары қайтарылмайды және пікір берілмейді;
— ұсынылған шығармалар жазбаша және электрондық нұсқада Microsoft Word файлды форматы түрінде (14 кегльде (шрифт), Times New Roman) қарпімен жіберіледі;

Шығармалар көлемi: шағын әңгiмелер, ертегiлер, өлеңдер, мысалдар – 150 жол, 1,5 беттен аспауы тиіс. Бұл шарттар сақталмаған туындылар қазылар алқасының талқысына жiберiлмейдi. Көрсетiлген мерзiмнен кешiккен шығармалар бәйгеге қатыстырылмайды.

Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:

 ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;
 шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына;
 туындының көркемдік сапасына;
 автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне назар аударылады.

Барлық тіркелген шығармаларды қазылар алқасы алдын ала қарап, талдау жасайды және бағалайды.

Байқау жүлдегерлері дипломдармен, ескерткіш сыйлықтармен және аталған жанрлардың бірінде ерекше көзге түскен үміткер «Шарайна – 30» арнайы жүлдесімен марапатталады.

Байқауға атсалысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса нұр үстіне нұр.

Байқауға қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (аты-жөні, оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, фотосы қоса), конвертке салынған шығармасы (электронды және қағаз нұсқасы) 2020 жылдың наурыз айына дейін «Шарайна» газетінің редакциясына (Сәтбаев қаласы, Комаров көшесі, 21а үй, тел. 3-47-15, электронды пошта: sharaina2002@mail.ru) қабылданады. Қорытындысы 2020 жылдың 22 наурызына дейін шығарылады.

Комментарии закрыты.