Виртуалды орталық ашылды

Кенді қала тұрғындары үшін бизнестің жаңа тренді – виртуалды клуб есігін айқара ашты. «VR Arena» деп аталатын ойын-сауық нысаны сәрсенбі күні салтанатты жағдайда ашылды. Виртуал кеңістікте ойнау мен ойлауға мүмкіндік беретін орталық заманауи компьютерлік техникалармен жабдықталған.

Жеке кәсіпкер Сағындық Жаңғабылов үшін бұл кәсіп таңсық. Десе де заман талабына сай осындай орталықты ашуға бел буды. Балаларының оңтайлы ұсынысынан соң, көп кешікпей іске асыруға кірісті.

– Алғашында әкем «білмейтін іске басыңды сұққаның жарамас» деп, бұл ойымды теріске шығарған еді. Алайда, қала үшін тың жобаның сұранысқа ие болатынын, нарықта мұндай орталықтардың жоқтығын айтып, іске асырып жатқан жағдайымыз бар. Қазір барлық керек техникалық жабдық сатылып алынды. Қызмет бағасы да қолжетімді болады. Алда келушілер үшін тиімді акциялар мен конкурстар ұйымдастыратын боламыз, – дейді идея авторы Арман Жаңғабылов.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.
Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.