Жас суретшілер байқауы

Қаныш Сәтбаевтың 113 жылдығына орай мәдени-сауықтыру спорт орталығының ұйымда тыруымен Кеншілер алаңында «Менің сүйікті қалам!» атты сурет салудан байқау өтті. Оған аула клубтарынан жиырмаға жуық бала қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.

Байқаудың мақсаты балаларға патриоттық тәрбие беру, өнерге деген құштарлықтарын арттыру, қаланың қоғамдық өміріне бүлдіршіндерді қатыстыру болды.

Бұл шара, тақырыбынан көрініп тұрғанындай, негізінен Сәтбаев қаласының сұлулығын, көшелерін, саябақтар мен ескерткіштерін дәріптеуге арналды. Байқауда әр жастағы балалар көңілдеріне қымбат және сүйікті қаласына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін түрлі-түсті қарындаш, бояулар арқылы көрсете білді.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.