«Тыңда, қара, ойлан, ойна!»

Осындай атаумен орталықтандырылған кітапханада өткен ашық есік күні кішкентай оқырмандардың білім әлеміне деген құштарлығын арттыра түскендей болды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Өмір бойы білім алу – әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет», – деген сөзін басты ұстанымы еткен кітапханашылар тренингтер, викториналық сұрақтар, әдеби квест, көңілді караоке арқылы балалардың ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытып, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу арқылы ой-өрісін шарықтата түсті. Оқу құралында соңғы жылдары әдістемеге еніп жатқан жаңа әдіс-тәсілдер мен жаттығулар, рефлексия мен кері байланыс, ойсергектер, ойындар секілді көмекші құралдар да осы шарада көрініс тапты.«Жаңа кітап – жаңа әлем» бөлімінде ұшы-қиыры жоқ ізденіске, өнерге, қиялға жетелейтін кітаптармен танысқан жас оқырмандар тағылым берер, адамдық жолдың ұлағатын сездірер алтын көмбе – ұлы тұлғалардан қалған ой орамдарын мәнерлеп оқыды. Рухани кемелдендірген шара ешкімді бей-жай қалдырмады. Жаңа әдіс-тәсілдердің жас ұрпақтың болашағын жарқын етері күмәнсіз.

Мейрамгүл АЛПЫСБАЙ.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.