Каратэшілер жеңісі

Қаламыздың жас спортшылары жуырда Қарағанды қаласынан жеңіспен оралды. Каратэші өрендер киокушинкай-кан каратэден балалар мен жасөспірімдер және қыздар арасындағы ашық Чемпионатта үздік өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

31 қаңтар мен 3 ақпан аралығында ұйымдастырылған жарысқа қаламыздағы мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебінінің спортшылары қатысты. Ашық чемпионат есебінде өткен додаға Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Көкшетау, Қарағанды облыстарынан барлығы 300-ге жуық спортшы қатысты. Жерлестеріміз намысты қолдан бермей, қарсыластарына есе жібермеуге тырысып, жарыстың жүлделі орындарын қанжығалады. Олжас Мұсалиев, Аслан Айып үкілі үштікке ілінсе, Нұрислам Базыл, Бекарыс Мансұр екінші орынды еншіледі. Ал, Расул Ақансері, Нұрислам Мансұр, Кәусар Төлеубай, Расул Рамазан бірінші орыннан көрінді. Спортшылар ақпан айының соңында Семей қаласында өтетін республикалық турнирге қызу дайындалуда.

Әли МҰҢАЙТПАС.

Комментарии закрыты.