Құрметті жерлестер!

Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Көпұлтты Қазақстан халқы бүгінде еліміздегі қоғамдық келістік пен саяси тұрақтылықтың арқасында елеулі табыстарға қол жеткізіп, біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ ұлтаралық келісім мен төзімділік мемлекет дамуының негізі болды. Көпұлтты ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – Қазақстан атты ортақ атамекенде жасампаз істерге толы ғұмыр кешіп отырған барлық ұлт өкілдері үшін сенімді дамудың кепілі.

Еліміздің халықаралық беделін нығайтуда, бейбітшілік пен ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауда зор жігер, парасаттылық және белсенділік танытып отырған Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында «Біз ХХІ ғасырдағы жаһандық сын-қатерлерге еуразиялық интеграцияны тереңдетумен жауап берудеміз. Біз Ресеймен және Беларусьпен бірге Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастырдық, Еуразиялық экономикалық одақ құруға келе жатырмыз.  Бұл – жалпыөңірлік тұрақтылықтың, біздің экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маңызды факторы» деп атап өтті. 2015 жылға қарай табысы жоғары елдердің қатарына қосылуды көздеп отырған ортақ үйіміздің баянды болашағы үшін еңбек етіп, бірлігімізді сақтап қалу – басты мақсатымыз. Сәтбаевтықтықтар да барша қазақстандықтар секілді күнделікті еңбектерімен Отанымыздың қуатын арттыруға белсенді араласуда және қаламыздағы  ұлттық-мәдени орталықтар ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауға және дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға өз үлестерін қосуда. Қаланы дамыту бағдарламасы табысты жүзеге асырылып, туған мекеніміз күн артып көркейе түсуде.

Тамаша мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға береке-бақыт, амандық, Отанымыздың гүлденуі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ынтымақ-бірлігі жарасқан еліміздің ертеңіне деген сенімдеріңіз нық, мақсаттарыңыз айқын болсын!

Сәтбаев қаласының әкімі Б. Ахметов.

Қалалық мәслихат хатшысы С. Имамбай.

Комментарии закрыты.