Барлық мәселелер мақұлданды

Қала әкімі Б.Ахметовтың төрағалығымен әкімшіліктің кезекті отырысы өтіп, онда қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты 10 мәселе қаралды.

Пәтерді қайта жоспарлауға рұқсат беру, жер телімдеріне жеке меншік құқықтарын беру және 2008 жылғы 8 қыркүйектегі №18-322/9 Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану құқықтарын беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» мәселелерге орай Сәтбаев қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Т.Айтжанов пен жер қатынастары бөлімінің бастығы Л.Қараторғаеваның мәліметтері тыңдалды.

Кәмелетке толмағандарға қорғаншы тағайындауға байланысты үш мәселе бойынша қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Ш.Жанасылованың хабарламасы тыңдалып, ұсынысы қабылданды.

Сәтбаев қаласы әкімдігінің 1999 және 2010 жылдардағы кейбір қаулыларының күшін жою жөнінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Т.Қапарова хабарлады.

Қала басшысы Б.Ахметов әсіресе, жер бөлу мәселелеріне өте жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті.

Барлық мәселелер еш өзгеріссіз мақұлданып, тиісті қаулылар қабылданды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.