Арнайы арбалар

Волонтерлер жылының «Саулық» бағдарламасымен қолға алынған жоба көпшілік назарына ұсынылды. Ерекше арбаларды жинайтын әлеуметтік кәсіпкер Нұрболат Қарабасов волонтерлер орталығының ашылуында бастамасымен таныстырды.

Алғашқы бес айда 30-дан астам мүмкіндігі шектеулі жан осы арбаларды тегін пайдаланған. Қазір қондырғылар жалға беріледі. Әлеуметтік кәсіпкердің айтуынша, бұл арбаның артықшылықтары көп. Басқару тетігі, тежегіші, тіпті арнайы қуатталатын батареясы да бар. Бұған қоса, бұл арбамен 30 шақырымды жүріп өтуге болады.

Кәсіпкер алдағы уақытта жобаның ауқымын кеңейтіп, аймақтардағы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдетуді көздейді. Аталмыш арбаның қоғамнан шеттеп қалған адамдар үшін таптырмас құрал болары анық.

Комментарии закрыты.