«Zhas Project» жобасы жүзеге асады

Қарағанды облысында «Zhas Project» жастар корпусын дамытуға арналған арнайы жоба жүзеге асады. Бағдарлама арқылы 1 млн. теңге қайтарымсыз грант беріледі. Тіпті, арнайы тағайындалған шәкіртақысы да бар. 2017 жылы басталған бұл жобаның арқасында өткен жылы 2000-ға жуық жас кәсіпкер атанса, биыл мұндай мүмкіндікке 3500 адам қол жеткізе алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Үйлестіру агенттігі басшысының орынбасары Алена Баянбекова мәлім етті.

Бұл күрделі және көп қырлы жоба. Негізгі мақсаты – жастарды, әсіресе жастардың осал топтарын қоғамға тарту және пайдалы қызмет дағдыларына оқыту. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаға еліміздің 14 пен 29 жасқа дейінгі барлық азаматтары қатыса алады. Дегенмен, ерекше жастардың осал топтарына жасалып отырғандығын ескерте кетейік. Жобаға өтінім 17-ші сәуір мен 8 мамыр аралығында қабылданады. Мүмкіндікті пайдаланғысы келетін әр жас өтінім ұсынудың шарттарымен және рәсімдерімен толығырақ zhasp roject.kz ақпараттық порталынан таныса алады.

Ғаламтор желісінен.

Комментарии закрыты.