Адамгершілікке жетелейді

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2020 жыл – «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Алдағы уақытта ел аумағында 7 жалпыұлттық «Білім», «Сабақтастық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл мұра», «Қамқор», «Үміт» жобалары жүзеге асырылатын болады.

Аталмыш қызмет қазіргі жағдайда ерекше маңызға ие. Өйткені, терең тарихи тамыры бар қазақстандық идеологияның өзекті ережелерінің бірі. Адамдарға жақсылық жасау, мейірімділік көрсету, қиын жағдайға тап болғанда жанынан табылу, жалғызбасты қарттарға қарайласу, қайырымдылық істеріне белсене араласу бізді адамгершілік қасиеттерге жетелейді.

Қаламызда жыл басталғалы белсенді жастар мұқтаж жандарға көмектесіп, «Біз біргеміз» акциясы аясында үйлерінің маңын тазалады. Алдағы уақытта да зейнеткерлер мен көмекке мұқтаж жандарға қолдау танытып, тұрғындармен қоса жастар, белсенді азаматтар, бастамашыл топтар маңызды шаралар өткізеді деп сенемін. Себебі, олардың көмегіне зәру адамдар көп.

Қ.Жанасылова,
«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі, Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты.

Комментарии закрыты.