БҮГІНГІ БЕЗБЕНДЕЛІП, КЕЛЕШЕККЕ КӨЗ ЖІБЕРІЛДІ

Сәрсенбінің сәтінде шаһар басшысы Асқар Ыдырысов қала жұртшылығымен жүздесіп, бір жылдың қорытындысы туралы есеп берді. Кездесуге облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Алмас Сүлейменов, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және журналистер қатысты.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы облысқа алғашқы жұмыс сапары кезінде Ұлытау-Жезқазған аймағында болып, Ұлт ұясы Ұлытауда этнотуризмды дамытуды, Алтын Орданың 750 жылдығы аясында оны әлемге танытуды міндет етіп қойды. Бұл қасиетті Ұлытаудың баурайындағы кеншілер қаласының да өркендеп, кәсіпкерліктің кең құлаш жаюына игі ықпал ететіні анық. Облыс басшысы Жеңіс Қасымбектің тікелей қолдауымен биыл Жезқазған-Қызылорда автокөлік жолына күрделі жөндеу басталады. Сондай-ақ, Жезқазған-Қарағанды автокөлік жолының сапасы артып, ІІ санатқа ауыстырылады. Демек, «көлік қатынасына қолайсыз аймақ» деген аттан арылатын, толыққанды транзиттік өңірге айналатын уақыт алыс емес, – деген Асқар Абылайұлы әлеуметтік-экономикалық салада қол жеткен көрсеткішті безбендеп, келер жылдың көкжиегіне көз жіберді.

Мұнан соң қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Әлібек ӘБДІРАШ.
Суреттерді түсірген Н.Қонысбай.
(Кездесуден толық есепті газеттің келесі санынан оқисыздар).

Комментарии закрыты.