Келешекті баянды ету жолында

Кез келген мемлекетте, қоғамда тіл мәселесі маңызды рөл атқаратыны белгілі. Мемлекеттік тілдің қандай әліпби негізінде жазылатыны сол елдің тарихи жолына, болашақтағы баянды жолына тікелей әсер беретіні анық.

Тұңғыз президентіміз «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында тілдің тарихи қырларына жақсы талдау жасады. Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құжаттары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді. Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руникалық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады. Х-шы ғасырдан ХХ-шы ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб тілі мен араб әліпбиі қолданылды. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.

Қазақ даласындағы латын әліпбиінің өзіндік тарихы мен қолдану кезеңі осылайша тарқатылады. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ-ші ғасырдағы ғылыми және білім беру үдерісінің ерекшеліктеріне байланысты. Латын графикасына көшу азат санаға, еркін ойға көшу дегенді білдіреді. Ендеше, болашағымызды баянды ету жолына қадам жасайық.

Ф.ДУЗБАЕВА,
балалар мен жасөспірімдер кітапханасының библиографы.

Комментарии закрыты.