Білім мен ілімнің нәрін сепкен

Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылған кітап көрмесі Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орайластырылды.

Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған, батыс пен шығысты білімімен бас идірген Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген. Ежелгі Ұлы Жібек жолында, Арыс өзенінің Сырдарияға барып құятын жерінде бой көтерген Отырар қаласы бағзы замандарда Фараб атауымен әйгілі болған. Көрмеде ғұламаның өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріліп, халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен ойшылдың өмірі үлгі етілді. Ұлы ғалымның «Философиялық трактаттар», «Қайырымды қала. Музыка туралы кітап» еңбектері мен «Фараби ғибратты ғалым», «Әл-Фараби және музыка» атты кітаптары қойылып, насихатталды.

Ф.ДУЗБАЕВА,
балалар мен жасөспірім-дер кітапханасының библиографы.

Комментарии закрыты.