Ысырапта жақсылық жоқ

Қазақ халқы әр нәрсенің қадірін жете білген. Бабаларымыз «барға – қанағат, жоққа – сабыр» деп тәуба етіп, Алла берген ырыздық, несібесін қанағат етіп келген. Қолындағы барын аз болса уайымдамай, көп болса тасымай өмір сүрген жұртпыз. Алайда, қазіргі уақытта ысырапшылдыққа жол беріп жатқанымыз жасырын емес. Той-томалақ дейсіз бе, марқұм болған адамды ақырғы сапарға аттандыруда ысырап мәселесіне аса байыппен қарауымыз керек.

Бұл орайда қала жұртшылығымен мешіттерде түрлі жиындар өтуде. Олардың барлығы қоғам үшін ысырапшылдықтан тыйылуға үндейді. Бұл орайда ысырап тек дүние, байлықты пайдалана білуде ғана емес, уақытты тиімді жұмсаумен және сөздің өзін аңдап сөйлеуде де болатынын аңғаруымыз қажет.

Абайдың «бекер, мал шаш-пақтықты» адам бойындағы бес дұшпанның қатарына қосуы ысыраптың бекершілік екеніне көз жеткізеді. Адам қайтыс болып, соңғы сапарға аттандыруында да бос рәсуалыққа жол бермеу қажет. Мазарларға, әулие-әмбиелерге атап құрбандық шалу дінімізде жоқ. Мәйітті жөнелтуде аста-төк шығынға батып, қарызға кіру жөн емес. Бұл туралы бабаларымыздың сөзіне жүгінеміз. Балмағамбет Балқыбайұлы (Сарымолда) өзінің еңбегінде: «Таратқан мәйітке деген садақаны, Бір пайда көрер ме екен харіп жаны. Төменде айтылатын тәртіппенен, Намазды екі ракғат оқығаны» деп жазады.

Батырхан КӨҢІЛБАЕВ,
қала тұрғыны.

Комментарии закрыты.