Асыл сөзді іздесең

Оқушылар сарайында өткен «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе…» әдеби кеші Аристотельден кейін білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл-Фараби мен қазақтың классигі, данышпан Абай атамызға арналды.

Оқушыларды осы кемеңгер ойшылдардың еңбегімен, шығармаларымен сусындату мақсатындағы кеште «Драма» үйірмесінің оқушылары «Абай рухымен сырласу» атты көрініс қойды. Өнегелі өмір жолын көрсетіп, рухымен сырласа білді. «Вокал» үйірмесінің оқушылары «Көзімнің қарасы» әнін үш тілде орындап шықты. Сонымен қатар, ғасырдан ғасырға жалғасып, құндылығын жоймай келе жатқан ақын өлең-жырларын жатқа айтты. Флейтаның сазды әуенімен қара сөздері оқылды. «Гитара» үйірмесінің оқушылары мен ұстаздардан құралған топ салған «Айттым сәлем, қаламқас» әні әсерлі шықты.

Кеш соңында оқушылар кітап көрмесін тамашалап, әдеби кештен рухани азық алып тарасты.

Н. ИСМАИЛОВА, ОС кітапханашысы.

Комментарии закрыты.