Абай көшесінде ақын ескерткіші қойылады

Жуырда қалалық әкімдіктің кіші залында Қоғамдық кеңес мүшелерімен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш жобалары талқыланып, Абай көшесінде орнатылатын мүсін таңдап алынды. Мақұлданған жоба наурыз айында өтетін мемлекеттік комиссияның қарауында шешілетін болады.

Ұлы ақынның құрметіне қашалған ескерткіш үлгілерінің қатарында 8 жоба таныстырылды. Оның 7-еуін Қарағанды суретшілері ұсынса, қалған біреуі жезқазғандық мүсіншінің қолынан шыққан. Кеңес мүшелері жобалармен танысып, ақынның келешек ұрпаққа артқан үмітін көркем кестелеген ескерткіштерге баса назар аударды. Қоғамдық талқылау нәтижесінде 3 жоба таңдалып, наурыз айында өтетін мемлекеттік комиссияның қарауына жіберілді. Ақын құрметіне қойылатын ескерткішті орнату қыркүйек айына жоспарлануда.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.

Комментарии закрыты.