Тосқауыл қою керек

Сыбайлас жемқорлық – біздің заманымыздың індеті, қатерлі құбылыс. Көпке топырақ шашпаймыз. Дегенмен, бұл дерттің күнделікті өмірде кездесіп жатқандығын байқаймыз. Сыбайлас жемқорлықтың экономикасы тез арада дамып келе жатқан елдермен қатарласа өмір сүретіндігі белгілі. Сол мемлекеттің дамуына теріс әсерін де тигізеді.

Осындай дертке ұшырап, қасіретке тап болмауымыз үшін 2014 жылы елімізде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия бекітілді. Бұл стратегия аталмыш індетке қарсы саясатымызды тиімді ете түседі. Қоғам болып күресуге шақырады. Әр азаматтың бойына білімділік пен парасаттылық, адалдық қасиетін сіңіре отырып, жемқорлықтың деңгейін төмендете түсуіміз керек.
Бүгінде елімізде жемқорлыққа қарсы бағдарламалар жүзеге асуда. Бұл бағдарламалардың идеясында жастарды тәртіпке шақыра отырып, жемқорлық құбылысына қарсы әрекет ететін тәсілдерді үйрету бағыты жатыр. Болашағымыз жастардың қолында болғандықтан, отбасында адалдыққа, мейрімділікке, батыл, білімді, сабырлы болуға тәрбиелеу керек. «Сабыр түбі – сары алтын», деп жай айтылмаған. Сабырлы және байыпты болудың жұмыс істеу барысындағы рөлі зор. Себебі, осы заңсыз әрекетке шапшаң түрде жол беру сабырлылықтың жетіспейтіндігін көрсетеді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Ел болып күрессек сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетіп, осы дерттен айы-
ғып кететінімізге сенім мол.

Сәтбаев қалалық Қазынашылық басқармасы.

Комментарии закрыты.