Мобильді қосымша іске қосылды

Медициналық сақтандыру қорында мобильді қосымша іске қосылды. Qoldau 24/7 қосымшасы арқылы қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде құқық бұзушылықтар жөнінде хабарлай алады, делінген Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпаратттық порталында.

Өтінішті қалдыру үшін қосымшада тіркелу қажет. Шағымға фотосуретті қоса беруге болады. Тіркеуден кейін өтініштің қаралуы қай сатыда екенін қадағалау мүмкіндік бар.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 1406 бірыңғай байланыс орталығы да бұрынғыдай тәулік бойы жұмыс істейді. 1 қаңтардан бастап нөмірге 40 мыңнан астам қоңырау келіп түсті.
– Егер пациентте медициналық сақтандыру жүйесінде оның құқықтарына қатысты мәселелер туындаса, бірінші кезекте ол медициналық ұйымдарға пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне алады. Егер ол сауалдарына жауап алмаса, облыстық денсаулық сақтау басқармасының шұғыл желісіне 955-559 нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады. Бұдан әрі медсақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына немесе Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасында жазылуға болады, – деп түсіндірді медсақтандыру Қоры Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина.

Комментарии закрыты.