Қадірлі соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті жерлестер!

Сіздерді ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Осыдан 67 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр жəне қанды соғыс аяқталды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді.

Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мəңгілік жəне уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да қанды шайқастарда қаза болғандардың рухына тағзым ете отырып, Ұлы Жеңіс үшін майданда да, тылда да жанқиярлықпен күрескен жандарды айрықша құрметтейміз.

Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға жетелейді. Бүгінгі буын Жеңіс қаһармандары алдында мəңгілік қарыздар.

Қымбатты ардагерлер! Сіздер жерімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер жəне бүгінде өскелең ұрпаққа ерлік қасиеттерін дарытып, отансүйгіштікке тəрбиелеуде зор үлес қосудасыздар.

Қасиетті мереке қарсаңында Сіздерге ұзақ ғұмыр, сарқылмас күш-қуат, жарқын көңіл-күй тілейміз! Əрдайым жақындарыңыз қастарыңыздан табылып, өмірлеріңіз шаттыққа толсын!

Қашан да аспанымыз ашық болып, туған еліміз – Тəуелсіз Қазақстан өркендеп, гүлдене берсін!

Мереке құтты болсын, жерлестер!

Құрметпен, қала əкімі Б.Д.Ахметов.

Қалалық мəслихат хатшысы С.С.Имамбай.

Комментарии закрыты.