Адамгершілікке жетеледі

Бала бойында адамгершіліктің қалыптасуы балабақшадан басталады. Ізгілік пен мейірімді жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында өткен аптада №31 «Балапан» балабақшасында ауқымды шара өткізілді.

«Рухани-адамгершілік тәрбиесі – балабақшадағы баланы жан-жақты тәрбиелеудің ажырамас бөлігі» деп аталған әдістемелік бірлестік үш бағыт бойынша жүзеге асырылды. «Менің Қазақстаным!» жобасы бойынша тәжірибе жұмысы, «Халық қолөнері мұражайында» асық терапиясы, «Ұшақ-кілеммен саяхат» бағдарламасында толеранттылыққа тәрбиелеу және үштілділік жұмысы бойынша ойын-сауық жүргізілді. Кішкентай бүлдіршіндер асық терапиясы арқылы ұлттық аспаптар туралы баяндап, асықтың көмегімен жайлаудың суретін салып, сауалдарға жауап берді. Әуелетіп ән салып, ел мен жер турасындағы тақпақтарды жатқа айтты. Ұшақ-кілеммен ертегілер еліне де саяхат жасаған балғындар қазақтың салт-дәстүрлерінің бірі – бесікке салу рәсімін назарға ұсынды. Айта кетейік, қалалық білім бөлімінің жоспарлы тапсырысы аясында өткен әдістемелік бірлестікке қаламыздағы барлық балабақша тәрбиешілері қатысып, тәжірибе алмасты.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордІкі.

Комментарии закрыты.