Жерлестеріміз жеңіспен оралды

22-23 ақпанда киокушинкай кан каратэден балалар, жасөспірімдер, қыздар, жеткіншектер және ересектер арасында өткен Республикалық турнир Семей қаласын екі күн бойы дүбірге бөледі.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан және біршама облыстардан атарылтқан бес жүзге тарта спортшы шаршы алаңның шаңын шығарды.

– Балаларға спорттың қыр-сырын үйретіп, салауатты өмір салтына тәрбиелеудеміз. Биылғы жыл сәтбаевтықтар үшін табысты болды. Арамыздан чемпиондар көптеп шығып жатыр. Бұл ұзақ жылғы қажыр-лы еңбектің жемісі. Жеңісті күндеріміз көп боларына күмән жоқ, – дейді каратэ бөлімінің бапкер-жаттықтырушысы Қуат-
бек Тоқтыбаев.

Осы айтулы додада сәтбаевтық спортшыларымыз ешкімге дес бермеді. Мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар, жасөспірімдер мектебінің спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді. №27 мектептің 9 сынып оқушысы Әсет Біліс өз салмақ дәрежесінде бірінші, осы мектептің 7 сынып оқушысы Ернар Асайын 45 келіге дейінгі салмақта екінші орынды иеленсе, №19 мектептің 8 сынып оқушысы Дәуіт Батыршаев 55 келіге дейінгі салмақта үшінші, №27 мектептің 6 сынып оқушысы Медет Мейрамұлы 40 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үшінші орынды қанжығалады.

Мира ШАХАТ.

Комментарии закрыты.