Құрметті жерлестер! Қымбатты қала тұрғындары!

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Көктемнің алғашқы күнінде біз барша қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділіктің, достықтың, сүйіспеншіліктің жарқын мерекесін атап өтеміз. Бұл айтулы күнде барлығымыз үшін руханият пен мәдени құндылықтарға,терең тарихымызға құрмет көрсетудің үлкен мүмкіндігі туып отыр. Сондықтан, бұл мерекенің басты мәні – тарихи жадыны жаңғырту, ұрпақтардың байланысын және халықтың бірлігін нығайту.

Біздің қалада әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз бір-бірімізді жұмыста ғана емес, өмірде де қолдай отырып, Отанымыздың игілігі үшін қызмет етеміз. Біз бірге мақсаттарымызға ұмтылып, ортақ жетістіктерге жетеміз.

Мемлекетімізде қалыптасқан бейбітшілік пен тыныштық үшін, әрбір азаматтың өсуі мен дамуына жасалған мүмкіндіктер үшін көктемнің керемет күнін пайдалана отырып алғыс айтамыз. Алғыс айту күні – бауырлас елдерді бір-біріне жақындатып, бейбітшілігі мен берекесін арттыратын күн. Сіздерге шын жүректен қуаныш-шаттық, гүлдену және ашық аспан тілейміз! Алғыс айту күні қоғамдағы сенімділік, келісім мен достықты одан әрі нығайта берсін!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.