Тапшылық болмайды

Қарағанды облысында медициналық маскалар тапшылығы болмайды. Кенді өлкеде тұрғындардың бұл өнімге деген сұранысын қанағаттандыруға дайын кәсіпорын бар. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровқа жергілікті медициналық өнімдер жақын арада дәріханаларға жіберілетіні айтылды. Жергілікті өндірушілер облыс тұрғындарын маскалармен ғана емес, сондай-ақ қолға арналған антисептиктермен де қамтамасыз етуге уәде берді, – делінген Қарағанды облыстық әкімдігінің ресми ақпараттық порталында.

– Медициналық маскалар шығаратын машина сатып алдық. Ол бір минутта 100-120 дана шығаруға қауқарлы. Біздің маскалар үш қабатты. Біз облыс тұрғындарының инфекциядан қорғаныс қажеттілігін толығымен жаба аламыз, – деді «MФ «Meрей» ЖШС директоры Қанат Наурызбаев.

Өз кезегінде Әлішер Әбдіқадыров әлеуметтік дәріханаларды бетпердемен қамтамасыз етуді бастау керек екенін атап өтті. Өнімдер ең алдымен қарағандылықтардың қажеттіліктеріне сәйкес келуі керек. Кез-келген экспорт туралы әңгіме болуы мүмкін емес.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, маскаларға сұраныс баршылық. Қазір кәсіпорын маскалар барлығына жету үшін жұмыстарды бастауға дайын.

Комментарии закрыты.