Көктемде қандай дәрумендер ішу керек?

Қыс мезгілінде біздің ағзамыз қоректік дәрумен тапшылығына ұшырайды. Тапшылықты сезу тым қиын емес. Тек ағзаның бізге берген белгісін түсіну қажет болады.

№1. Аяқ-қолыңыздың ұйып, арқаңыздың құрысып қалуы.
Сіздің ағзада кальций мен калий және магний тапшылығы байқалады. Бұндай жағдайда саумалдық пен брокколи, бадам және орман жаңғақтарын ас мәзіріне қосқаныңыз дұрыс болады.
№2. Ауыздың уылуы, ауыздықтың шығуы.
Сізге темір, мырыш В3, В2 және В12 дәрумендері жетпейді деген сөз. Қыс мезгілінде ет пен балық және жұмыртқа жеуден жалықпау керек. Ас бұршақ пен қызыл бұрышты да осы мәзірге қолданғайсыз.
№3. Қол мен аяқтың тартылып қалуы.
Фолий қышқылы мен В6 мен В12 дәрумендері жетіспегенде осындай тартылып қалу жағдайы болады. Көңіл-күйіңіздің түсіп кетуі де осы дәрумендердің жетіспеушілігінен деп білеміз. Жаңғақтар мен құрғатылған таңқурайдың құрамында аталмыш дәрумендердің көп екенін айтып өтейік.
№4. Шаштың түсуі мен бетке түскен секпіл.
Биотин яғни В7 дәрумені жетпеген жағдайда орын алатын жағдай. Авокадо мен қызыл балықты тұтынудың пайдасы бар. Бөдене жұмыртқасы да артық етпейді.
№5. Өкше мен тері қабатының жарылып кетуі.
Зияны жоқ майлы тағамдар жеу керек. Мәселен майлы балықтар мен бадам, грек жаңғақтарының пайдасы мол. Сонымен қатар, тамақтануда қызыл бұрыш пен сәбізді пайдалануды әдетке айналдырғайсыз.

Комментарии закрыты.