Есеп берді

Сот жүйесі – азаматтардың, жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен бостандығын қорғау үшін мемлекетімізде сот әділдігі билігінің маңыздылығын нығайта беру мақсатында ашықтық қағидасымен халық игілігіне қызмет етеді. Осы талап үдесінен шығып отырған Сәтбаев қалалық сотының алдында бір ғана міндет тұр – кәсібилігімен әдеп нормаларын, мәдениетті сақтай отырып, азаматтардың құқығы мен заңды мүддесін қорғауда сот жүйесі туралы орнықты пікір қалыптастыру.

Осы ретте қалалық сотта өткен баспасөз конференциясын сот төрағасының міндетін атқарушы Серік Исабаев жүргізді. Серік Тұрсынұлы күн тәртібіндегі сот жұмысы бойынша баяндама жасап, нақты деректер мен дәйектер келтірді. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, азаматтық істер бойынша 2019 жылдың 12 айында 2719 талап арыз келіп түскен. 12 айдың ішінде 1994 азаматтық іс қозғалып, 2671 азаматтық іс аяқталған. Шешім шығарумен қаралған істер саны – 1572, сырттай шешім шығарумен – 13, шығарылған сот бұйрығы – 622, өндірістен қысқартылғаны – 35, қараусыз қалдырылғаны – 423, соттылығы бойынша жолданылған азаматтық істер саны – 18. Сот өндірісінде 23 азаматтық іс тоқтатылды. Есеп беру мерзімінің аяғында аяқталмаған істер саны 216-ы құрайды. Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен 8 азаматтық іс бойынша сот шешімі өзгертіліп, 8 азаматтық істің шешімі бұзылды. 5 азаматтық іс медиацияны қолданумен қаралды. Ал, әкімшілік істер бойынша 1067 іс келіп түскен. Оның 1059-ы қаралып, 947-ы бойынша әкімшілік жаза тағайындау туралы каулы шықты. Әкімшілік жаза түрі ретінде айыппұл тағайындалған 512 тұлғаға қатысты 512 іс қаралды. Ескерту жазасы бойынша – 28, көлік құралын басқарудан – 199, ал, әкімшілік қамау жазасы – 158, шетелдіктерді шекарадан тыс шығару жазасы бойынша 50 тұлғаға қатысты іс қозғалды. Бұдан бөлек сот төрағасы қылмыстық істер бойынша ақпаратқа да тоқталып өтті. 2019 жылы 181 тұлғаға қатысты 165 қылмыстық іс түскен. Ал, 170 тұлғаға қатысты 151 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылса, 24 тұлғаға қатысты 23 қылмыстық іс өндірістен қысқартылған. Іздеу салуға байланысты 5 іс прокурорға қайтарылып, 4 іс қайта тергеуге жіберілді. Сонымен бірге, 26 тұлғаға қатысты 23 қылмыстық іс бойынша сот үкімдеріне апелляциялық шағым түскен. 14 тұлғаға қатысты үкім өзгеріссіз қалып, 6 тұлғаға қатысты сот үкімі өзгертіліп, 6 тұлғаға қатысты сот үкімінің күші жойылды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.