Рухани дәстүрлер күні

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Осы айтулы күнді Сәтбаев қаласының тұрғындары да өз деңгейінде атап өтті. Кеншілер алаңындағы жазғы эстрадада концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, сауда-саттық қызды.

Түрлі ұлыс өкілдерін жинаған мереке тарихи себептермен қазақ топырағына табан тіреген этнос өкілдерін бауырына басқан қазақ халқының кеңпейілділігі суреттелген театрланған көріністен бастау алды. Әр ұлттың өкілдері бар өнерін ортаға салып, қазақ халқына алғысын жеткізіп жатты. Бұдан бөлек өңірдегі этномәдени бірлестіктерінің атынан Балтық елдері бастамашыл тобының төрағасы Юрате Малая ізгі тілегін жеткізді.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлігімізді нығайтуға, ұлттық мәдениетіміз бен тарихи-мәдени құндылықтарымызды насихаттауға арналған шара жас ұрпақтың бойында төл тарихымызға деген құрметті арттыра түскендей болды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.