ӨНЕГЕ БАСТАУЫ

1984 жылы құрылған «Самоцветы» ардагерлер хоры ұжымының әр жылдары құрамы өзгергенмен, репертуарындағы әндер сол қалпында. Павел Малов жетекшілік ететін «Самоцветы» халықтық ансамблі патриоттық, лирикалық әндерді нақышына келтіріп орындайды. Жақында өнер ұжымы «Ұрпақтар байланысы» тақырыбында қаламыздағы барлық білім беру ордаларында концерт-лекция үйымдастырды.

Ақпан айының 21-нен бастау алған концерттік бағдарлама наурыз айының 4-ші жұлдызына дейін жалғасты. Аталмыш патриоттық шара биылғы атаулы тарихи оқиғалар мен күндерге арналып отыр. Халықтық хор мүшелері осы гастрольдік сапарында ретро әндерді шырқап қана қоймай, шығу тарихына да үңіліп, кеңінен насихаттады. Басты мақсат – жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу, танымын кеңейту. Келешек ұрпақ тарихымызды білуі және бейбіт өмірдің қадірін түсінуі қажет дейді өнерлі ардагерлер.

Алдағы уақытта дәл осындай концерт-лекция Жезқазған қаласында да жалғасын таппақ.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.