Білімді ұрпақтың құндылығы – ұлт идеясы

Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл-парасаты мол, озық азаматтарды тәрбиелеу. Бұл – біздің қоғам алдындағы борышымыз. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбие екендігін көрсетеді.

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан, қазақстандық барлық мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыты мемлекеттің назарында. Сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса, өз ісінің білімді, өнегелі азаматы болу – әр оқушының міндеті. Осы бағытта өнегелі азаматтар тәрбиелеу мақсатында мектебімізде түрлі бағытта іс-шаралар жүргізілуде. «Еріктілер жылы» аясында Мемлекет басшысының «Birgemiz» жалпыұлттық жобасын іске асыру мақсатында мектебіміздің еріктілер қатарына қосылған оқушылар Халифа Алтай көшесі 2-үй, 1-пәтерде тұратын Лидия Николаевна әжейдің үйіне барып біршама жұмыстар атқарып, көмек қолын созған болатын. Атап айтатын болсақ, ол кісінің үйінің алдындағы қарды күреп, Лидия әжейдің алғысына бөленіп қайтты. Осындай кісілердің батасын алу – үлкен мәртебе. «Қазақстан – қайырымдылық мекені» атты республикалық бастама аясында 6 «А» сынып оқушылары мектебіміздегі үйден оқитын оқушының отбасына барып, әңгімелесіп, қуанышын бөлісіп, аздаған сыйлықтарын беріп қайтты. Бұл бастама одан әрі жалғасын табады.
Біз білімді де саналы, сауатты ұрпақ тәрбиелеу жолында тынбай еңбек етіп келеміз. Бүгінгі төгілген маңдай тер өскелең ұрпақтың болашағына жұмсалмақ.

Ш.АДАМЬЯНОВА,
№3 мектеп басшысы.

Комментарии закрыты.