Ардагерлер отбасында болды

Сейсенбі күні қала əкімі Батырлан Ахметов жəне қалалық мəслихат хатшысы Серік Имамбай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрметін білдіріп, қаламыздағы жүріптұруы қиын 5 соғыс ардагерінің үйіне арнайы барып, құттықтап шықты.

Əкім бастаған топ ең əуелі бүгінде тоқсанның төріне шыққан соғыс ардагері Григорий Дубовоймен Жеңіс тойын бөлісті. Одан кейін Ұлы Отан соғысының мүгедегі Шакур Ахметовтің, қарт ана Маргарита Коваленконың, Станислав Шантердің, Иван Тарбеевтің шаңырақтарында болып, бейбітшілік пен жеңіс күнін орнатқан ата-əжелерімізді мерекелерімен құттықтады. Өз кезегінде Батырлан Дүйсенбайұлы елі үшін, келешек ұрпағы үшін қан майданда толарсақтан саз кешкен аға буынның ерлігі ұрпақтар санасында жатталып қалатынын айтып, қарттарға əлі де болса ортамызда жүре берулерін тіледі. Өз атынан Алғыс хатпен марапаттап, мерекелік азық-түлік салынған пакет тапсырды.

Ардагерлер де қала басшылығы естен шығармай, келіп құттықтап жатқанына алғыстарын білдіріп, еңбектеріне сəттілік тіледі.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.