КЕЙУАНА ҚУАНЫП ҚАЛДЫ

Екатерина Ивановна биыл барша тіршілік иесіне шуақты сәт сыйлайтын 98-ші көгілдір көктемін қарсы алып отыр. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қалалық білім бөлімінің басшысы Берік Ақышбеков бастаған бір топ адам құттықтап келгенде, кейуана қуанып қалды.

Кенді өңірдің көркеюіне шама-шарқынша үлес қосқан Екатерина Ивановна өзін бақытын еңбектен тапқан жан санайды. Жасы ғасырға «таяқ тастам» жер қалса да жерлестерінің ұмытпай, елеп-
ескеріп жатуын сол азын-аулақ еңбегінің арқасы деп біледі. Осы аймақ жұртшылығы «бесінші автобаза» атап кеткен жүк тасымалдау автокөлік кәсіпорнында еңбек жолын бастап, ұзақ уақыт тер төккен ол, зейнет демалысына шыққанға дейін кейінгі жиырма шақты жылда Солтүстік Жезқазған кенішінің механикалық цехында жұмыс істеді.

– Кеншілер мекенін шырайлы шаһарға айналдырған сәтбаевтық азаматтарға ризамын. Бақытты болыңдар! – деп, айтылған тілек пен жасалған сый-сияпатқа аналық ақжарма алғысын білдірді ол қоштасар кезде.

Әлібек ӘБДІРАШ. Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.