Әкем – тірегім, анам – жүрегім

Абай атындағы №4 мектеп-лицейде оқушылармен кездескен Достық үйі жанындағы «BAQYT UIASY» жобасының мамандары «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» тақырыбында тренинг өткізді.

Оқушылар кездесуге өте белсенді қатысты. Әсіресе, оларға атадан қалған салт-дәстүр, тәлім-тәрбие жайлы мағлұматтар ұнады. Тарихи оқиғалар, ел есінде қалған тұлғалардың өмір жолы мен ерліктері туралы мысалдар өте әсерлі болды. Қазақ халқының қыз баланы аялап, әлпештеуінің, ананы құрмет тұтуының сырына қаныққан балалар, тазалықтың, тәрбиенің маңызды екенін білді.

Сонымен қатар, «Құрсақ той», «Бел құда», «Бесік құда» секілді салт-дәстүрлер туралы мағлұмат беріліп, мағынасының тереңдігі, тәртібі пен тәрбиедегі орны туралы сөз болды.

Айнаш БЕГІМ.

Комментарии закрыты.