Қалалық сотта жаңа судья

Қарағанды облысы соттар әкімшісінің басшысы Бақдаулет Нұрпейсовтың төрағалығымен Сәтбаев қалалық сотына жаңа судья тағайындалды.

Қарағанды облысы соттар әкімшісінің басшысы Бақдаулет Бақтиярұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған қалалық соттың жаңа судьясы Ибраев Даурен Рысқалиұлын салтанатты түрде таныстырды. Шараға қала әкімінің орынбасары Сұлтан Нарботаев, қалалық сот төрағасы Ерлан Сексенов, қала прокуроры Төлеубек Рымбаев және судьялар мен адвокаттар, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Жас судьяны құттықтаған сот төрағасы кәсіби шыңдарды бағындырып, кәсібіне кір келтірмей абыройлы еңбек етуге тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, заң мен ар алдында әділдікті тең ұстап, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда жемісті еңбек етуге шақырды.

Дәурен Ибраев 1985 жылы Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Кеген ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Бұған дейін Алматы облысы Қапшағай қаласында прокурордың көмекшісі, «Koktem Group Ltd» ЖШС заңгер, «Falcom-Auto» ЖШС заңгер, «General Energy Building Systems» ЖШС заңгерлер бөлімінің директоры, Алматы қалалық Сот Әкімшілігі басшысының қабылдау бөлмесінің іс жүргізу жөніндегі инспекторы, №2 Әуезов аудандық сотының сот маманының міндетін атқарушы, Алматы қалалық адвокаттар ұжымының мүшесі болып, жауапты қызметтер атқарды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.