Құс базары

Ұлытау. Қазақтың кешегі көшесіз көне астанасы атанған киелі мекен. Қазақтың ашық аспан астындағы мұражайы. Тарихты былай қойғанда табиғатының өзі ғажап бір дүние. Осы киелі Көктөбенің бөктерінде күн нұрымен алтын айнадай жарқырап жататын өзен, көлдері аз емес. Ащыкөл, Барақ көлі, Қоскөл болып кете береді. Оның сыртында табиғат жаратқан көл емес, адам қолымен салынған жасанды көлдер де бар…

Су – тіршілктің өзегі екендігі белгілі. Оның шаруашылыққа пайдасын былай қойғанда, тайдай тулаған балығы мен жыртылып айьрылар құс базарының өзі бір ғанибет. Жаз шықса болды Жезқазған, Сәтбаев қалаларының қолына қармақ ұстай алады дейтіндері осы өңірге ағылып жатады. Олар балығын базарлап, құсын қуырьп жеп отыр.
Көктем-күз айларында Ұлытаудың өзен-көлдері құстардьң базарына айналады. Әсіресе, көктемді айт-
саңызшы! Жылдың осы бір көрікті кезеңін қанаттарына ілестіріп келген құстьң неше бір атасын осы жерден табасыз. Қоңыр күзде қыстың ызғарын күнілгері сезіп, мәңгілік жаз өлкелерге сапар шегіп кеткен құстар Қазақстанға қайтып оралып жатыр. Үш бұрыш жасап, сапта түрған кәнігі солдаттар сияқты түп-түзу тізілген қаз-үйректер езен-көлдерге жақындағанда қуаныштарын жасыра алмай қаңқылдап жібереді.
Жалпы, адам баласы туған жерге деген сағынышты, сүйіспеншілікті осы құстардан үйренген бе дейсің. Өйткені, оралып жатқан құстардьң бәрі осы өлкедегі өзен-келдерде жұмыртқа басып, балапан шығарып, шөжелері осы жерде өсіп-өнген кешегі сары ауыздар. Енді міне, мерзімі келгенде туған жерге деген сағынышпен қанат қағып, зеңгір аспанды тіліп өтіп, өздерінің езен-көлдеріне келіп қонып жатыр. Түнде көл маңында қонған адам небір кереметтің куәсі болар еді. Көл азан-қазан болады. Құс базары түн ортасы ауғанда әбден қызады. Егер Сүлеймен пайғамбардың алтьн жүзігін тағатьн болсаңыз, олардың не жайында әңгіме-дүкен құратыньн түсінер едіңіз…
– Оу, амансың ба? Қай мемлекеттің суын ішіп жеттің?
– Үңдістан күні қыстан сақтағанымен, сайын даласы керіліп жатқан Қазақстанға қайдан жетсн!
– Мына қасыңдағы былтыр осы жерде темірқанаттанған балапаның емес пе еді? Сұрмергеннің оғынан сақтасын, серікке жарапты.
– Қазақстанға көктем жеткенін жүрегімізбен сезіп, күн-түн қиналсақ та жеттік қой…
– Жыл бәрімізге жайлы болсьн!..
Бір-бірінің үстіне түсіп, шұрқырап жатқан құс базары қызып-ақ тұр…

Комментарии закрыты.